Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Қадыровтың үйленгелі жатқан 17 жастағы ұлымен арнайы кездесіп, "өмірлік кеңес" берді

15:41, 08 маусым 2024 1044

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысының ортаншы ұлы Элиді жеке кездесуге шақырды. Бұл туралы Рамзан Қадыров өзінің телеграм арнасында айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Элиді алдағы кесілетін некесімен құттықтаған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Достар,Шешенстанның тұңғыш президентінің немересі Әли Қадыровтың өмірінде маңызды және ұмытылмас оқиға болды. Оны біздің құрметті ұлттық көшбасшымыз Владимир Владимирович Путин жеке кездесуге шақырды. Біздің президент Әлиді алдағы болатын некесімен құттықтады", - деп жазды Шешенстан басшысы.

Қадыровтың айтуынша, Путин Әлинің "үлкен өміріне ақ жоқ, Ұлы еліне қалай қажет және пайдалы болу керектігі туралы маңызды кеңестер мен нұсқаулар берген". Сонымен қатар, Путин кездесу барысында әр аймақтың ақылды, белсенді және патриот жастары Ресейдің болашағы үшін маңызды рөл атқаратынын айтқан. 

Естеріңізге сала кетейік, Қадыровтың Ахмат, Әли және Адам атты үш ұлы бар. Өткен жылы олар Шешенстан Парламентінің "Даймехкан Сий" ("Отан намысы") жоғары орденімен марапатталды. Мамыр айында Шешенстан басшысы ортаншы ұлы Әлимен бірге Ташкентке барды, онда Әли Қадыров Ресей мен Өзбекстан аймақтары кеңесінің отырысына қатысты. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар