Салтанат Нүкенова өлтірілген күні Bau мейрамханасында Путиннің делегациясы келуі керек болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Сотта екінші айыпталушы Байжановтың ұялы телефоны тексерілді. Прокурор Байжанов пен мейрамхана әкімшісі Қарлығаш Аймағамбетованың 2023 жылы 9 қарашада алмасқан хатын оқыды. 
Байжанов әкімшіден мейрамханада өтуі тиіс барлық іс-шараны тоқтатуды сұраған. Ал мейрамхана әкімшісі Путин делегациясы келетінін айтқан. 
Байжанов Аймағамбетоваға делегацияның бронын көрші мекемеге ауыстырып, оларға Bau мейрамханасында "форс-мажор" болғанын хабарлауды тапсырған.
