Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путиннің сенімді генералы зымыран соққысынан қаза тапты

20:31, 14 қыркүйек 2026

Ресейдің Оңтүстік әскери округіне қарасты 51-армия штабына жасалған зымыран соққысы салдарынан генерал-лейтенант Сергей Мильчаковтың қаза тапқаны хабарланды, деп жазады Alash.KZ.

Ресейлік Z-пропаганда өкілі Анастасия Кашеварова соққының нысанаға дәл тигенін айтып, әскери нысанның орналасқан жері туралы ақпараттың өз әскерилерінен тарап кетуі мүмкін екенін жазды.

Мильчаков бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен «Ресей Батыры» атағына ие болған. Ол Ресей әскерінің Покровск-Доброполь бағытындағы шабуылына қолбасшылық еткен.

Генералдың қаза тапқаны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар