Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Путинді әңгімемен тоқтату мүмкін емес": Зеленский нақты күш қолданатынын айтып, сес көрсетті

18:24, 19 қазан 2025 634

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Украинадан кейбір аумақтардан бас тартуды талап еткені туралы ақпарат тарағаннан кейін алғашқы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей бейбіт келісімге келу процесін әдейі тежеп отыр.

"Украина ешқашан соғысуды мақсат еткен жоқ. Біз шартсыз атысты тоқтатуға келісіп, бейбітшілік орнатудың түрлі жолдарын ұсындық. Бірақ дәл Ресей бұл процесті баяулатып, келіссөздерді созып келеді, халықты әуе шабуылдарымен қорқытып, майданда шабуылдарын үдете түсуде. Соғыс тек Мәскеу оны тоқтатқысы келмегендіктен жалғасып отыр", – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, тек осы аптада Ресей Украинаға 3270-ке жуық дрон, 1370 басқарылатын әуе бомбасы және 50-ге жуық түрлі типтегі зымыран қолданған.

"Путинді әңгімемен тоқтату мүмкін емес – қысым қажет. Бүкіл әлем Ресейдің тек күшке жауап беретінін көріп отыр. Демек, бейбітшілікті де күш арқылы орнатуға болады. Украина террористердің қылмысы үшін ешқандай жеңілдік жасамайды және біздің серіктестер де осы ұстанымды қолдайды деп сенемін. АҚШ, Еуропа, G20 және G7 елдерінен нақты әрі батыл қадамдар күтеміз", – деді Зеленский өз үндеуінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар