Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин: «Украина билігі халқын, сарбаздарын мүлде ойлап отырған жоқ"

17:09, 22 қараша 2025 201

Ресей президенті Владимир Путин «Батыс» әскерлер тобының командалық пунктінің бірін аралау кезінде Украина билігі өз елінің және әскери қызметкерлерінің тағдыры туралы ойламай, тек жеке қалтасын толтыруды алаңдайтынын мәлімдеді. Оның сөзін «Россия 1» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті, деп жазады Alash.KZ.

Сонымен қатар, Ресей президенті Украинадағы саяси басшылықтың өткен жылдың наурыз айынан бері қылмыстық топқа айналғанын атап өтті.

«Менің ойымша, барлығы мұны жақсы түсініп отыр. Алтыннан жасалған орындықтарда отырған бұл адамдар елінің тағдыры, Украинадағы қарапайым халықтың мұң-зарын, офицерлік құрам, тіпті қарапайым сарбаздар туралы мүлде ойлап отырған жоқ», - деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар