Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Путин Трампты алдайды, бұны бүкіл әлем көреді”. Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

20:52, 15 маусым 2025 1036

Владимир Зеленский Трамп пен Путиннің телефонмен сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Менің ойымша, Трамп пен Путиннің командалары арасында өте жылы әңгіме болды. Мен Трамп президентке қалай сөйлесу керек екенін айтып бере алмаймын. Ол - АҚШ халқы сайлаған президент. Ол өз қалауынша әрекет ете алады. Алайда менің ұстанымым өзгермейді. Бұл - олардың екіжақты қарым-қатынасы. Бірақ менің пікірімше, Путин соғысты аяқтағысы келмейді. Ақыр соңында ол Трампты алдайды. Сіздер бұған куә боласыздар. Бұны бүкіл әлем көретін болады. Ол қандай да бір деэскалация қадамдарына тек қатты қысым жасалған жағдайда ғана баруға дайын.

Басқа жол жоқ. Сондықтан олардың не туралы сөйлесіп жатқанын білмеймін. Бірақ мені, Украина президенті ретінде, ең алдымен Украина мәселесі алаңдатады. Украина туралы Украинаның қатысуынсыз сөйлесу - дұрыс емес. Біздің қатысуымызсыз қандай да бір мәселелерді шешу -  әділетсіздік деп санаймын”,- деді Зеленский Newsmax телеарнасына берген сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар