Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Талибанмен дос болды. Батыс не дейді?

13:02, 04 шілде 2025 163

2025 жылдың 3 шілдесінде Ресей Федерациясы Ауғанстандағы Талибан қозғалысының үкіметін ресми түрде танығанын мәлімдейді Alash.kz. 

Ресей 2021 жылы билікке келген Талибанмен бейресми байланыс орнатып келгенімен, оларды әлі күнге дейін “террористік ұйым” ретінде танитын еді. Алайда биылғы көктемде Ресей Жоғарғы соты бұл мәртебені алып тастап, Ауғанстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Талибанның Ресейдегі жаңа елшісі Джамал Насир Гардизи Мәскеуде аккредитациядан өтті. Ресей СІМ мәліметінше, елші ретінде танылған Гардизи енді Ауғанстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланысты ресми түрде қамтамасыз ететін болады.

Көптеген елдер Талибанды ресми түрде тануға асығар емес. Мысалы, АҚШ, ЕО, Үндістан және Жапония бұл үкіметтің әйелдерге және азшылықтарға қатысты жүргізіп отырған саясатына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар мен БҰҰ Мәскеудің бұл қадамын алаңдаушылықпен қабылдауда. 

Сарапшылар пікірінше:

Батыспен қатынасы нашарлаған Ресей Азия, Таяу Шығыс және Африка бағытындағы дипломатиялық ықпалын күшейтуді көздеп отыр. Бұл шешім - сол стратегиялық жоспардың бір бөлігі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар