Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин “Құран” кітапты ерекше құрметпен сүйді

11:26, 22 тамыз 2024 321

20 тамызда Ресей президенті Владимир Путиннің Шешенстанға сапары кезінде түсірілген кадрлар желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бейнежазбада Владимир Путиннің Грозныйдағы Пайғамбар Иса атындағы жаңа мешітке барған кезінде Құранды сүйіп жатқан сәті көрсетілген.

Бұл мұсылмандар үшін қасиетті кітап қымбат тастармен безендірілген, және оны Путин мешітке өзі сыйға тартқан.

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров ресейлік лидердің аймаққа сапарының видеосын әлеуметтік желіге өзі жариялады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?