Украина президенті Владимир Зеленский Киев тек майдан шебінде бітімге келуге дайын екенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Біз дипломатияны тек қазіргі позициямыз бойынша жүргіземіз. Өз мемлекетіміздің ешбір бөлігінен шықпаймыз. Путин менімен кездеспеу үшін бәрін жасайды. Ол үшін Ресей мен Украина арасындағы келісімнің өзі маңызды емес», - деді Зеленский.