Канада премьер-министрі Марк Карни Ресей президенті Владимир Путинді Михаил Горбачевпен салыстырып, оның саясатын сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Саясаткердің айтуынша, қазіргі Ресей басшылығы әлемдік қауіпсіздік пен ашықтыққа емес, агрессия мен үстемдікке бағытталған саясат жүргізіп отыр.
“АҚШ президенті Рональд Рейган КСРО-мен ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздер жүргізген кезде оның басты ұраны “сен, бірақ тексер” болды. Ал Владимир Путин – Михаил Горбачев емес. Ол жаңашылдыққа емес, қара түнекке жол салып келеді. Қайта құруға емес, империя орнатуға ұмтылады”, – деді Карни.