Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пультпен соққы жасап, өлтіріп алған»: Петропавлдағы қайғылы оқиға туралы ел естімеген дерек шықты

20:23, 25 ақпан 2026

Петропавл қаласында орын алған тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды, деп жазады Alash.kz. 

52 жастағы ер адам танысымен болған ерегіс кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиға ер адамның ескі танысының үйіне қонаққа келуі барысында басталған. Олар бірге ішімдік тұтынғаннан кейін өзара жанжалдасып қалған.

Алдын ала тергеу нұсқасы бойынша, қақтығыс кезінде ер адам алғашқы болып агрессиялық мінез-құлық танытқан. Бұған жауап ретінде 58 жастағы үй иесі теледидардың басқару пультімен оның басынан бірнеше рет соққы берген. Оқиға 7 ақпан күні жеке тұрғын үйде болған. Келесі күні жәбірленушінің денсаулығы күрт нашарлап, ол жедел түрде медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, мидың ауыр жарақаты салдарынан науқас қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ажалға әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде танылған әйел қазіргі уақытта ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар