Шымкентте өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС экс-басшысы Ернар Жиембайды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Аса ауыр қылмыс жасағаны, яғни адамды қасақана өлтіруге оқталғаны сотта өз дәлелін тапты деп есептеп, сізден сотталушы Жиембай Ернар Жиембайұлын Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, осы баппен оған 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйеcінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраймын», - деді прокурор сотта.