Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пржевальский" жылқылары Қазақстанға қайтадан әкелінбек

09:01, 01 наурыз 2024 588

Биыл елімізге 8 керқұланның төртеуі Прагадан,төртеуі Берлиннен ұшақпен жеткізілмек. Олардың үшеуі – айғыр, бесеуі – бие. Алдағы жылдары ел аумағына кемінде 40 жылқы әкелінеді.

Айта кету керек, жабайы жылқыларды ең соңғы рет 19-ғасырдың екінші жартысында орыс генералы Пржевальский Моңғолиядан тапты. Сол кездің өзінде-ақ олар жойылып кетудің алдында тұрған.

Қазақстан тарапы 2022 жылдың күзінде осы мәселе бойынша әріптестік орнату туралы Чехияға өтініш жасады. Сөйтіп, былтыр сәуірде екі елдің премьер-министрлері қатысқан жиында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен меморандум жасалды.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін біз Данияр Тұрғамбаев екеуміз Қазақстанда Пржевальский жылқыларының реинтродукциясы үшін бірнеше жерді аралап шықтық. Солардың ішінен барынша қолайлы территория деп Алтын даланы таңдадық. Мұнда Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы бұрыннан бері дала мен дала жануарларын қорғаумен айналысып келеді, – дейді Мирослав Бобек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар