Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде жылқы шаруашылығы институты құрылды

11:03, 19 қараша 2024 271

Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы базасында “Қазақ жылқы шаруашылығы және азық өндіру ғылыми-зерттеу институты” ЖШС құрылды, деп хабарлайды Alash.kz. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа институттың басты міндеттері – жылқылардың асыл тұқымдық қасиеттерін жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жылқы шаруашылығын қарқынды дамыту және отандық тұқымдарды шетелдік нарықтарға ілгерілету. Институт алдағы бес жыл ішінде асыл тұқымды жылқылардың санын 6-7%-ға арттыруды көздеп отыр.

“Адай және қостанай тұқымды жергілікті жылқыларды, сондай-ақ жоғары өнімді мұғалжар, көшім тұқымдары мен жабе типіндегі етті-сүтті бағыттағы қазақ жылқыларын өсіру аймақтарын кеңейту селекциялық-асылдандыру жұмыстарының маңызды міндетіне айналуда”, – деп атап өтті министрліктен.

Институт коневодства создан в Казахстане

Бұл мақсатқа жету үшін:

• Жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпараттық мәліметтер банкін құру;

• Тұқымдық ұрық пен эмбриондар банкін қалыптастыру;

• Иммундық генетика зертханасын және биенің қолдан ұрықтандыру пунктін салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жылқы шаруашылығы мамандарын дайындау және жылқыларға арналған мамандандырылған ветеринарлық клиника құру көзделуде. Бұл ветеринарлық қызмет көрсету деңгейін арттырып, жылқылардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға дейін өнімді жылқы шаруашылығындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары – селекциялық және технологиялық әдістермен отандық популяцияның генетикалық әлеуетін арттыру және Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі шаруашылықтарға кеңінен енгізу болмақ.

Осы жұмыстардың нәтижесінде өсірілетін жылқы тұқымдарының өнімділігін 20-25%-ға арттыруға мүмкіндік туады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар