Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

11:54, 06 ақпан 2024 286


Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Арқабайұлы 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған; 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары — Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы;

2008-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева;

2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

2019-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар