Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Премьер-министр Олжас Бектенов "соғыстан сақтану" мақсатында шұғыл жиын өткізді

09:57, 22 қараша 2024 525

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Украина маңайындағы жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл жиын өткізді. Бұл туралы  Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің  Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен шұғыл кеңес өткізгені хабарланды. 

Атап айтқанда, Үкімет басшысы мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізген.

"Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндет қойды.

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды", - делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар, жиында президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және құзырлы органдардың әрекетке көшкені туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылғаны белгілі болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар