Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Позор” боп отырмайық, қандай қазақ екенін түсінбеймін: Дариға Бадықова халықтың сынына қалды

09:41, 02 желтоқсан 2024 494

Продюсер Дариға Бадықованың “Таптым-ау сені 2” фильмі жарыққа шыққан еді. Сонымен қатар голливудтық "Моана" мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Моанаға" барып "позор" болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ, – деді актриса. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің сөзіне қарсы шығып жатыр. 

“Бұл сөзі дұрыс емес”, “Әркімнің өз қалауы бар”, “Дариғаның бір киносын көрген емеспін”, “Осы сөзі үшін “Моанаға” барамыз”, “Бас-аяғы жоқ кино екен”, “Бәсекелестік болған сала дамымайды”, “Мені байытыңдар деп отыр ма?!”, – деп жазды көпшілік. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар