Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Порталдың есігін жабу үшін ақ боз атты құрбандыққа шалдық: өздерін халық билері санайтындар топтың өкілдері

13:39, 05 қазан 2024 806
Желіде ақ боз атты құрбандыққа шалған азаматтардың әрекеті көптің талқысына түсті. Олар өздерін “биміз” деп, өз араларында билер алқасын құрып алса керек. Олар өздерінің кім екенін және қандай мәселені шешетіндерін айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Елімізде өздерін халық биі санайтын бір топ азамат облыс-облыс бөлініп, жаңа бірлестік құрған. Сөздерінше, олар қоғам арасында мәселелерді сотқа жеткізбей шешеді. Олар асатаяқ ұстаған Ермек Албанды бас би деп сайлаған екен.
 
“Екі адам сайлауға түсті. Ал сайлауға әр облыстан 5 адамнан келді. Басымдықпен Ермек Албан жеңіп шықты. Әр облыста би болады. Оның бәрі Ермек Албанға бағынады”, – деді ұраншы Бақытжан Жасұзақұлы.
 
Өзін ұраншы деп атайтын Бақытжан Жасұзақұлы бұл идея оған 7-8 жыл бұрын келгенін айтты. Сөзінше, ол осы сәтті түсінде көріп, соны өңіне айналдырғысы келген. Ол билер алқасын ұйымдастырып, WhatsАpp желісінде чаттарда халықтың жазғанын тексеріп отырады екен.

Алайда бұл бірлестік ресми тіркелмеген, мемлекеттік ұйым немесе қоғамдық қор деп саналмайды.
 
“Жыл сайын бас би жиында есеп береді. Мен жұрттың мәселесін шешуім үшін 10 сағат әлеуметтік желіде отырамын. Кейде адам өлтіргендердің және тағы басқалардың проблемасы болады. Соны шу шығармай, WhatsАpp арқылы шешсе болады. Арамызда медиаторлар бар”, – деді Ермек Албан.
 
Бас бидің жанында көріпкелдер жиналған екен. Ақ боз атты құрбандыққа шалуды көріпкелдердің бірі Болат Бұралқыұлы кеңес еткен.
 
“Порталдың есігін жабу үшін ақ боз атты құрбандыққа шалдық. Бұл жамандық болмасын деген ырым. Бұл сәтті ғасырлар бойы күтті. Ата-бабамыз күнәлары үшін кешірім сұрай алмайды. Ал біз осы арқылы олар үшін кешірім сұрауымыз қажет”, – деді Бұралқыұлы.
 
Билер бұл қызметі үшін ақы алмайды, ешкімге жалақы берілмейді. Керісінше, шығындарды өз қалтасынан шығаратынын мәлімдеді.

“Біз қазақ үшін бірігіп жатырмыз. Мен құрылтайды ұйымдастыру үшін 2 миллион теңге жұмсадым. Ал құрбандық шалуға 700 мыңым кетті. Мәскеуге барып келуге 2 күнге миллион теңге кетті”, – деді Ермек Албан.
 
Ол Райымбек ауданына барып, сол өңірден шыққан әлем чемпиондарын жинапты. Онда инвестиция тарту, туризм және жол салу мәселесі талқыланды дейді.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар