Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Полицияға қарулы қарсылық көрсетіп, оқиға орнында көз жұмған” - Мақтааралдағы сұмдық туралы тың ақпарат мәлім болды

15:30, 18 қараша 2025 205

Түркістан облысында  бұрынғы әйеліне  қарумен келген ер адам полицияға қарсылық көрсетіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Мақтаарал аудандық полициясына жергілікті тұрғын өзінің бұрынғы күйеуі қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы жеткізген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер мылтық ұстаған ер адамның көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылып қалғанын анықтады. Қауіп төндірмеу мақсатында аумақ толық қоршауға алынған.

Полиция қызметкерлері бірнеше рет заңды талап қойғанына қарамастан, ер адам бағынудан бас тартып, оқ жаудырып, тәртіп сақшыларының бірін жарақаттады.

Шабуылдың алдын алу және тұрғындардың өміріне қауіп төндірмеу үшін полицейлер алдымен ауаға ескерту оқтарын атқан. Алайда құқық бұзушы қарулы қарсылықты жалғастырған соң, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар