Астанада 18 желтоқсан күні екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды, Alash.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Highvill» тұрғын үй кешенінің аумағында ер адамның мәйіті табылып, оның жеке басы анықталды. Алғашқы мәліметтер бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Сонымен қатар, қалада астаналық әйел 18-қабатты тұрғын үйдің алаңынан құлап, қаза болды.
«Екі факті бойынша да тергеу амалдары басталды. Оқиғалардың барлық мән-жайы анықталуда», – делінген ПД хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Highvill тұрғын үй кешенінің жанынан екі мәйіт табылғаны туралы ақпарат тараған еді.