Рэпер Кәрім Асылбеков басына түскен жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды Alash.kz порталы.
Бұл жайлы Ulysmedia.kz порталы хабарлады.
– Жаңа ғана полициядан шықтым. Хаттама міне, Мен Шерзат, Талғар жайлы реп айтқан едім. Әкімшілік хаттама толтырды, – дейді рэпер.
Хаттаманы оқыған рэпердің өзі онда “Кәрім Асылбеков Талдықорғандағы облыс әкімдігі алдында тұрып, былапыт сөзі бар тректі айтқан. Солай әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген” деп жазылған.
Полиция әншінің үстінен “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.