Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Полиция қызметкерін өлтірген»: Өскемендегі оқиға үшін күдікті туралы ел күтпеген дерек шықты

16:50, 08 қазан 2026

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысының қазасына себепкер болды деп айыпталған азамат медициналық орталықтың нейрохирургия бөліміне орналастырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл деректі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде растап отыр.

Басқарма өкілдері:

«Науқас нейрохирургия бөлімінде қажетті ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр, қанағаттанарлыққа жақын деп бағаланып отыр. Жақын арада ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр», — деп мәлімдеді.

Аталған жағдайға байланысты аймақтық Полиция департаментінен әлі де болса жауап келген жоқ.

Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, 4 қазанға қараған түні Өскемендегі тамақтану орындарының бірінде қайғылы жағдай орын алған еді. Қызметтік уақыттан тыс жүрген 40 жастағы полиция офицері тәртіп бұзған келушіге ескерту жасаған. Арты шабуылға ұласып, алған жарақаты салдарынан тәртіп сақшысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қылмысқа күдікті азамат сол түні-ақ қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына жабылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар