Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Петропавлда жалғыз автодромдағы көктайғақтан жүргізушілер емтиханнан құлап жатыр

04:28, 02 ақпан 2024 333
Өңірдегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автожолағына бюджеттен 6 миллион теңге бөлінген. Алайда автодромның жағдайы мәз емес. Жол тазартылмай, аумағының бәрі мұз болып қатқан. Ал тәжірибелік емтихан тапсырғандардың 90 пайызы сүрініп, шағымдарын айтуда.

Бірнеше ай бойы жүргізуші куәлігіне қол жеткізе алмай жүргендерді бірі – Кристина Ушакова. Ол үш ай оқыған теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алмай, куәлік ала алмай жүр.
"Автодромдағы жолдың жағдайы көңіл көншітпейді. Биікке көтерілетін жерде мұз қатып, көлікпен шыға алмай қаласың. Жолдағы белгілер қардан көрінбейді. Сөйтіп емтиханды тапсыра алмадым", – деді Петропавл қаласының тұрғыны Кристина Ушакова.

Тәжірибелік емтиханды тапсыруға келгендердің 90 пайызы бірнеше рет сүрінгенін айтады. Мысалы қаңтар айында 300 адамның тек 30-ы жүргізуші куәлігін алған.
"2023 жылы бізде басқа мердігер болды. Олар өздерінің жұмысын толықтай атқармады. Қар жауған кезде ақ ұлпаны уақытында тазартса, мұндай жағдай болмас па еді деп ойлаймыз", – деді СҚО Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Жақсылық Кенбай.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бұрынғы мердігермен келісімшартты бұзып, басқа компаниямен отырған орталық басшылығы кейбір олқылықты реттейміз деп сендірді.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар