Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Перуашев: «Ескі Қазақстан» билігі Әлихан Бөкейханның істерін үнсіз қалдыруға тырысты

13:30, 11 наурыз 2024 355

«Ақ жол» партиясының депутаттары 2026 жылы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығын кең көлемде атап өту туралы депутаттық сауал жолдады. 

Партия өкілдері осы мерейтой негізінде Алаш Орда арыстарының тарихи орнын да көрсетуді ұсынған. 

Келе жатқан, 2026 жылы Алиханның 160 жылдығының қарсанында, «Ақ жол» Демпартиясы Үкіметке осы жол бұл мерейлі датаның лайықты бағдарламасын даярлауды ұсынуда. Біздің ойымызша, сол бағдарламада Республика Тәуелсіздігінің, заманауи қазақ мемлекеттілігінің, жер тұтастығының тарихи тамыры мен өзектілігін насихаттауымыз қажет.
Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында, Азаттық пен жер тұтастығы үшін
күрескен Алаш Орда арыстарының тарихи орнын да көрсеткеніміз жөн.
Осыған қоса, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарын жіберудеміз, делінген депутаттық сауалда. 

Сонымен қатар, депутат Перуашев «ескі» Қазақстанның билігі Әлихан Бөкейхан мен «Алаш» республикасының аттары мен істерін үнсіз қалдыруға тырысқанын айтты.

2016 жылы, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының шешімі негізінде дүниежүзілік деңгейде атап өтілгені белгілі.
Сонда да, «ескі» Қазақстанның билігі, Әлихан Бөкейхан мен «Алаш»
Республикасының аттары мен істерін үнсіз қалдыруға тырысып, аталған мерейлі ісшараларды лайықты түрде өткізуден бас тартты.
Сонымен қатар, 2019 жылға дейін, «Ақ жол» фракциясының «Алаш» жөніндегі сауалдарымыз жарияланған сайын, жоғарыдан осы тақырыпты көтеруді тоқтату талаптары орын алған болатын, дейді Перуашев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар