Екібастұзда қарақшылық жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады.
"Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден аса мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдер алынды. Қазір одан әрі жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.