Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықаралық жарыстарда ел намысын лайықты қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген ағайынды Сабырхановтармен арнайы кездесті, деп жазады Alash.kz.
Қала басшысы спортшылардың табысын жоғары бағалап, олардың ата-анасына да алғыс білдірді. Салтанатты рәсім барысында екі чемпионға Toyota Camry 80 жеңіл көлігінің кілті табысталса, әкесіне Changan ХМ автокөлігі сыйға тартылды. Бұған қоса, ағайынды спортшыларға пәтер беру жөнінде шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, жуырда Ливерпульде өткен беделді халықаралық турнирде Сабырхановтар топ жарып, Қазақстан спорт тарихына жаңа белес қосты.