Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадыраев "Жетісу облысының Құрметті азаматы" атандыбаспаналы болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, белгілі палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.
Сонымен қатар палуанның анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.
Айта кетейік,жарыста грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадраев 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, "күміс" жүлдеге ие болды.