Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарының депутат болуына қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, депутаттық қызметке кәсіби мамандар келуі керек.
«Парламентте әнші, биші, күйші, спортшы, блогер-шмогерлер отырмауы керек. Ата Заңның әр тармағын зерттей алатын қаржыгерлер, экономистер мен заңгерлер отыруы қажет.
Өнер адамдары ол жерде не үшін отыр, неге келді деп ойлаймын. Өйткені мен өнер адамдарының, спортшылардың және кейбір блогерлердің IQ деңгейлерін білемін. IQ-ы төмен екенін түсінемін, сеземін. Бір ауыз сөзді құрап айта алмайтындар сол жерде не істеп отырмын деп ойлайды екен?» - деді Меруерт Түсіпбаева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.