«Дядя Ваня» Telegram-каналының ақпаратынша, жыл басынан бері Спортты дамыту дирекциясы аталған министрлікпен 39,69 млрд теңгеге бірнеше келісімшарт жасасқан. Бұл қаражаттың басым бөлігі спортшылардың лицензиялық турнирлерге қатысуына жұмсалады екен.
«Мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілгендей, 39,5 млрд теңге халықаралық дәрежедегі спортшылардың күнтізбелік жарыстарға қатысуына және Ұлттық құрама командалардың резервіне үміткерлерді қосуға бағытталған», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, қазір қазақстандық спортшылар Париж олимпиадасына небәрі 20 жолдама алды. Алда лицензия беретін 70 жарыс бар. Спорт министрлігі жолдамалар санын 90-ға жеткіземіз деп жоспарлап отыр, деп жазады 1bol.kz сайты.
Фото: eurotunnel.com