Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алматылық атанды

09:40, 28 тамыз 2024 1863

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Алматы қаласынан пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

aqshamnews.kz порталының жазуынша, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовке Алматы қаласындағы «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінен пәтер сыйға тартылған.

Бұл сыйлық Қазақстанның ең мықты спортшыларының бірі, Парижде өткен Олимпиада ойындарында елге алғашқы алтын медальді сыйлаған Елдос Сметовтің жеңісіне берілді.

«Біз өз спортшыларымызбен, әсіресе Елдос Сметов сияқты батырлармен мақтанамыз. Олар өз үлгісімен миллиондаған қазақстандықтарға шабыт береді. Дзюдоға қолдау көрсету — еліміздің болашағына салынған инвестиция», — деп атап өтті SABA GROUP KZ компаниясының өкілі Саурыков Алмас.

Айта кетейік, «Комфорт Сити» тұрғын үй кешені — SABA GROUP KZ компаниясының заманауи жобасы, оның негізгі бағыты тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар