Палестинаны қолдауға шыққан шерушілерге Нью-Йорк полициясы күш қолданды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Белсенділер Бруклин мұражайына Египет шекарасындағы Рафах қаласына әуе шабуылдарына наразылық білдіру ниетінде кірді.
Демонстранттар ғимараттың шыны төбесіне көтеріліп, сол жерден «Палестинаның бостандығы» деп ұрандатты.
Кейбір наразылық білдірушілер оқиға орнына келген нью-Йорк полициясымен төбелесті.