Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пакетпен жауып, отырған күйінде көміп тастадым: Оралда 18 жастағы жігіт досын асқан айуандықпен өлтірді

14:25, 12 наурыз 2025 854

Оралда 18 жастағы жігіт досын өлтіріп, сарайына көміп тастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

“Мой город” басылымының мәлімдеуінше, Орал қаласында 18 жастағы Қуаныш Хайруллин досын өлтіргені үшін сотталды.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 8-бөлігі (“пайдакүнемдік мақсатта адам өлтіру”) бойынша айып тағылды. Хайруллиннің айтуынша, ол 2024 жылдың қаңтарындаЖамбыловпен танысып, кейін дос болып кеткен. Алайда, араларындағы қарым-қатынас несиеге байланысты жанжалдан кейін ушығып кеткен. Жамбылов алған ақшаның бір бөлігін досына берген, бірақ ол ақшаны уақытында қайтара алмаған.

“Ол қатты ашуланып, дауыс көтеріп, балағат сөздер айтты. Берешек ақшаны қайтару үшін ауылдан арнайы келгенін айтты. Мен оны сабырға шақырып, таңғы асқа шақырып, ақшаны қайтару үшін екі апта уақыт беруін өтіндім. Бір кезде ол қалтасынан жинамалы пышақ алып шығып, аяғыма екі рет ұрды. Кейін спорт киімімді кесіп тастады. Қатты қорқып кеттім, сарайға кіріп, пышақ алып, оның мойнынан ұрып жібердім, бірақ жарасы таяз болды. Ол тоқтамай, мені алдап жатырсың деді. Сол кезде мен оның кеудесінен бірнеше рет пышақ сұғып алдым. Жеткерген жерге құлап түсті, ал мен есімнен танып, шок күйінде тұрдым. Оның көз жұмғанын түсіндім. Үйден қара полиэтилен пакеттер алып шығып, мәйітті жаптым да, сарайдан бір метр тереңдікте шұңқыр қазып, оны отырғызған күйде көміп тастадым”, – деді Хайруллин.

Оның айтуынша, ол кейін үйіне оралып, киімін ауыстырып, ал марқұмның жеке заттарын – телефонын, құлаққабын және екі пышақты Шаған өзеніне лақтырып жіберген.

Бірнеше күннен кейін Жамбыловтың туыстары мен полицейлер оның жоғалып кеткені туралы сұрастыра бастаған. Алайда, Хайруллин өзінің қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, бәрін жоққа шығарған.

Тергеу барысындағы күдік пен сот үкімі

Мемлекеттік айыптаушы Дина Ізтілеуова сотталушының берген түсініктемесіне күмән келтірді. Оның айтуынша, Хайруллиннің сөздері шындыққа жанаспайды, өйткені Жамбылов оқиға орнына пышақсыз келген.

Сонымен қатар, мәйітті тексеру кезінде оның оң жақ қабырғасына ауыр соққы тигенін анықтаған, бұл оның футболкасының артқы бөлігіндегі зақымданумен сәйкес келеді.

Сараптама мәйіттің шамамен бір ай ішінде толығымен шіріп кеткенін, сондықтан нақты өлім себебін анықтау мүмкін болмағанын көрсетті.

“Бізге белгілісі – Хайруллиннің өзі айтқан оқиға желісі ғана. Ал шын мәнінде не болғанын тек өзі біледі”, – деді құқық қорғау органдары.

Тергеу барысында сотталушы бірнеше рет жалған ақпарат беруге тырысты. Ол Жамбыловтың құмар ойындарға тәуелді болғанын, көп қарызы болғанын және тіпті өзіне қол жұмсамақ болғанын айтып ақталды. Алайда, тергеушілер ескі телефондағы жазбаларды тауып, онда Хайруллиннің қарызды қайтаруға уәде бергенін анықтаған. Осыдан кейін ғана ол кінәсін мойындауға мәжбүр болды.

Марқұмның туыстары ең қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Сот Хайруллинді кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар