Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Пакетке салған”: Қосшыда жол жиегінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

16:34, 22 наурыз 2026

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен нәрестенің денесі табылды, деп жазады Alash.kz.

Полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Куәгерлердің айтуынша, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.

Аталған жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар