Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пәк қыздар» тізімі: Тамара Дүйсенова кімдер жазаланатынын айтты

16:33, 26 наурыз 2024 628

«Пәк қыздардың» тізімі жариялағаны үшін тек медбикелер ғана емес, емхана басшылары мен ҚазҰУ де жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Оның сөзінше, іске қатысты барлық материалдар Ішкі істер министрлігіне берілді. Қылмыстық тергеу әлі аяқталған жоқ.

«Тергеу аяқталғаннан кейін аталған іске қатысы бардың бәріне тиісті шара қолданылады. Бұл емханаға да, білім беру ұйымына да қатысты. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бар. Құпиялылыққа қатысты шараларды қабылдау қажет. Тергеуден кейін ұйымдастырушылық және қылмыстық шаралар қабылданады. Бұл ақпаратты тек Ішкі істер министрлігі ғана береді. Бұл аталған іске қатысы барлардың бәріне қатысты», – делінген хабарламада.

Дүйсеноваға «ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қызметінен босатыла ма?» деген сұрақ қойылды. Ол қателіктің кімнен кеткенін тергеу қорытындысы шыққан соң ғана белгілі болатынын және тергеу нәтижесінен кейін ғана шешім қабылданатынын айтты.

Еске салсақ кетсек, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те «пәкі қыздардың тізіміне» қатысты пікір білдірген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар