Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзіңізді сату керек: Катарлық еркекке тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға жергілікті тұрғын ақыл айтты

11:01, 15 қаңтар 2025 796

Катардағы қазақ қыздары сұхбат берді. Олар шетелдегі қазақ қыздарының өмірі мен өзге ұлт өкіліне күйеуге шығуға болатыны туралы ойларын айтты. Бұл туралы Alash.kz «Жалғыз жолаушы» Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанда халықтың көбі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді. Олай болғанын қаламағандықтан келдім. Бізді арабқұлдар деп атайды. Бірақ арабтар сияқты болып алыңыздар деп айтқым келеді. Тазалықты, имандылықты, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты арабтардан үйренуге болады. Жасым қазір 30-ға келді. Бұрын ата-анам тек қана қазақ болсын дейтін, қазір мұсылман болса жеткілікті дейді. Сондықтан шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу мүмкіндігі болса, «жоқ» демейтін шығармын», – деді Нұршат.

«Қыздарға айтатыным, Қатарға келіңіздер. Күйеу іздеп жүрсеңіздер бір күйеуге төрт әйелден. Шейхқа тұрмысқа шығуға бола ма деп сұрайды. Әрине бәрі мүмкін. Тағдыр ғой, кім біледі. Қатарға тұрмысқа шыққан қыздар көп», – деді Ақгүл.

«Бұл жерде жалақы жақсы. Ұшақ билеттерін, тамақтануыңызды қамтамассыз етіп береді, жататын жеріңіз бар. Бұл жаққа жұмыс келетін болсаңыз, өзіңізді сатуыңыз керек. Сондықтан бастапқыда жалақыны көп сұрау керек. Алайда қанша жылға келісім шартқа отырсаңыз, сонша жыл жұмыс істеуге міндеттісіз. Жалақылар 500 мың теңгеден басталады. Ал пилоттар тіпті 5 млн теңгеге дейін жалақы алады», – деді Қатарда жүрген қазақ қызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар