Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірді деген мұғалімге қатысты сот отырысы өтті

12:23, 22 мамыр 2024 861

Қызылордалық әйел Түркістан қаласында өзінің 3 жасар қызы мен 4 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты Шымкент қаласында сот отырысы өтті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Өз балаларын өлтірді деген күдікпен ұсталған 30 жастағы Бота Хамитова ақпан айында Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталған еді.

“Түнгі сағат он бірлер шамасында ойын сауық орталығына балаларын апарған әйел, бірер сағаттан соң сол маңдағы жалдамалы пәтерге келеді. Алдымен балаларын ұйықтатып, кейін қызын және ұлын кезекпен дәлізге шығарып, тұншықтырған. Сөйтіп, түнгі бірде балаларды өлтіріп, өзіне де қол салмақ болады. Алайда, ойынан айнып, таңертең Шымкентке шығып кетеді”, – делінген сот актісінде.

Айыпталушы қылмысты күйеуі көңіл бөлмеген соң мұндай қаныпезерлікті жоспарлап жасағанын айтқан.

Ал, оның адвокаты есі дұрыс адам балаларын өлтірмейтінін айтып, психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады.

Айыпталушы бұған дейін Шиелі ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегені белгілі болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар