Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзінен 10 жас кіші 6 жігіт тепкілеп, аузына арақ құйып, денесіне шылым басқан" - Түркістандағы қанды оқиға туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

20:31, 19 қыркүйек 2025 590

Мақтаарал ауданында бір жыл бұрын орын алған қайғылы оқиға қоғамда әлі де үлкен дүрбелең туғызып отыр. 29 жастағы Азиз Құралбаев өзінен 10 жас кіші алты жігіттің таяқтауынан ауыр жарақат алған. Артынша, үш ай бойы жансақтау бөлімінде жатып, жан тапсырған, деп хабарлайды Аlash.kz.

Ағасының айтуынша, оқиға күні Азиз жұмыстан келіп, серуендеуге шыққан. Сол кезде көрші ауылдың бірнеше баласы оны күтпеген жерден қоршап алған. Алғашқы шабуыл ауыл ішінде болған, кейін олар оны оқшау жерге апарып, тепкінің астына алған.

Марқұмның аузына арақ құйып, денесін шылыммен күйдірген. Ауыр жарақат салдарынан Азиз ақыл-есін жоғалтқан. Ақ халаттылардың жанталасқанына, анасы мен бауырларының сарыла күткеніне қарамастан, отбасының кенже ұлы 3 ақпанда өмірден озды.

"Жамбасында гематома болды. Тебе берген ғой. Екінші күні байқағаным, төрт жерінен темекімен күйдірген. "Ожог" болды да. Барсам, киімі - жыртық. Бәрі айырылып кеткен. Багажникте жатыр киімінің бәрі. Су киімінің бәрі. Спирттің иісі шығып жатыр. Үстіне пиво құйған ба, вино құйған ба, оятамын деп", - дейді марқұмның ағасы.

Қаза болған жігіттің туыстары азалы күннен бері сот табалдырығын тоздырумен жүр. Айтуларынша, қылмысқа қатысқан 6 жігітітің тек екеуі "Адам өміріне қасақана залал келтіру" бабы бойынша сотқа тартылған. Екі жігіттің айыбы тіпті жеңіл болса, қалған екеуі бостандықта жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар