Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзіне оқ атып алған» - Алматы облысындағы Ұлттық ұлан сарбазы жарақат алды

09:20, 14 қаңтар 2026

Алматы облысындағы әскери полигонда жаттығу кезінде Ұлттық ұлан сарбазы жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қарумен жұмыс істеу кезіндегі салғырттық салдарынан мерзімді қызметтегі әскери қызметші абайсызда өзіне оқ атқан.

Оқиға 13 қаңтар күні түстен кейін 5571 әскери бөлімінің оқу-жаттығу алаңында орын алды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы таратқан мәліметке сәйкес, жауынгерлік дайындық барысында қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан, сарбаздың қолындағы АК-74 автоматы кездейсоқ атылып кеткен.

Зардап шеккен азаматқа әскери бөлім мамандары шұғыл көмек көрсетіп, артынша ол Қонаев қаласының көпбейінді ауруханасына жөнелтілді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың толық мән-жайын анықтау мақсатында арнайы қызметтік тексеріс басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар