Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзін "екінші президент" сезінетін»: Нығматулиндер оңай шағылатын жаңғақ емес

16:14, 27 қыркүйек 2024 1110

Осы аптада Назарбаевтың ең сенімді серігі, Мәжілістің экс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің отбасына қатысты өте сирек ақпарат пайда болды отандық БАҚ беттерінде. Нақтырақ айтқанда, Нығматулиннің әйелі Венера Баймұрзаеваның атына тіркелген Дубайдағы 50 шақты жылжымайтын мүлік туралы ақпарат.

Азаттықтың ақпаратына қарағанда, 860 шаршы метрлік үйінің құны 670 миллион теңге деп бағаланған. Одан бөлек, 500 шаршы метр апартаменттің нарықтағы құны 850 миллион теңге деп жазды дереккөз. 

Баймұрзаеваның атындағы байлықтың бәрін тізіп шығу мүмкін емес. Тіпті, Мәжілістің экс төрағасының құдағиының да Дубайда қырыққа жуық пәтері бар көрінеді. Дереккөз құдағиы Мағда Ыдырысова деп көрсеткен.

Егер шынымен де Дубайда Нығматулиннің отбасы мүшелерінің атына тіркелген көптеген жылжымайтын мүлік бар болса, бұл Қазақстандағы байлықты шетелге шығару мәселесіне назар аудартуы мүмкін. Осындай жағдайлар мемлекеттік қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің кірістері мен активтерін қадағалау қажеттілігін көрсетеді.

Бір жағынан бұл деректер ескі Қазақстан өкілдерінің шетелдегі активтерінің әлі күнге дейін мұрты бұзылмағанын көрсетсе керек. 

Нұрлан Нығматулин сіз бен біз ойлағандай оңай шағылатын жаңғақ емес. Дегенмен, оның қызметтік жолы қалай тез өзгерді? Назарбаевтың көзіне қалай түсті? Экс елбасына қандай ерекшелігімен жақты деген сұрақтарға Alash.KZ жауап іздеп көрген еді. 

Алдымен, оқушы Нығматулин туралы тоқталмайық. Ат жалын тартып мінген жылдарға аз ғана аял жасасақ...

Нұрлан Зайроллаұлы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "саясаттану" мамандығы бойынша білім алды, бұл оның саяси мансабындағы маңызды қадам...

Нығматулин өзінің еңбек жолын 1984 жылы "Қарағанды металлургия комбинатында" инженер ретінде бастады. 1990 жылдары ол Қазақстанның жастар қозғалысында белсенді қызмет атқарып, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл жағынан Назарбаевқа қатты ұқсайды: металлургия, жастар қозғалысы...  

1999 жылы Зайроллаұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеп, кейіннен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Нығматулин саяси мансабының ең маңызды кезеңі – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы қызметін атқаруы. Ол алғаш рет 2012 жылы осы лауазымға сайланып, 2016 және 2019 жылдары қайтадан Мәжіліс Төрағасы болып тағайындалды.

Нығматулиннің Нұрсұлтан Назарбаевтың көзіне түсуіне оның айқын лидерлік қасиеттері, мәселені терең түсініп, тиімді шешімдер қабылдай білуі үлкен әсер етті дейді сарапшылар. 1990-жылдары, әсіресе Қарағанды облыстық комсомол комитетін басқарған кезде, ол жас және белсенді көшбасшы ретінде танылды деген баға береді. Оның өзін «екінші Назарбаев» сияқты сезінуі Мәжілісті басқарған жылдары болатын...

Ағайынды Нығматулиндер елдегі ең бай әрі ең ықпалды тұлғалар қатарына жатады. Әрі ескі Қазақстанның көрнекі тұлғаларының бірегейі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар