Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзгеріс жасаймын: Димаш Құдайберген саясатқа араласа ма?

15:04, 04 шілде 2024 2587

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Астанада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен ШОС-тың 24-ші саммиті аясында кездесті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өз инстаграм парақшасында жариялады.

«Біз көші-қон мәселесін талқыладық, қолдауымды білдірдім. Бас хатшы көші-қонның маңыздылығын атап өтіп, менің адалдығымды құптады. Антониу Гутерриш мырза менің музыка арқылы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға әсер етіп, адам құқықтарын қорғауға және қажетті ақпаратты таратуға үлес қоса алатынымды айтты. Өз талантымды пайдаланып, өзгеріс жасау мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар