Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр»: Министр зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы маңызды мәлімдеме жасады

19:34, 26 наурыз 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қорындағы жинақтарды пайдалану ережесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады Alash.kz. 

Министр Асқарбек Ертаевтың мәлімдеуінше, биылғы сәуір айынан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын ең төменгі жеткіліктілік шегі жоғарылатылмақ. Бұл бастама халықтың, әсіресе жастардың болашақтағы әлеуметтік кепілдігін сақтау мақсатында қолға алынған.

Бұл шешімнің қабылдануына зейнетақы қорындағы қаражаттың жаппай жұмсалуы себеп болған. Ресми деректерге сүйенсек, осы уақытқа дейін қордан алынған 5 триллион теңгенің шамамен 1 триллион теңгесін 20 мен 35 жас аралығындағы азаматтар пайдаланған. Министрлік бұл көрсеткіштің жастар арасында жоғары болуы болашақта зейнетақы төлемдерінің көлеміне теріс әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді.

Министр Асқарбек Ертаев жастардың қаржылық сауаттылығы мен жауапкершілігіне тоқталып:

«Жастар болашақ зейнетақысын жұмсаудың орнына, алдымен ақша жинақтауы қажет», – деп атап өтті.

Министрдің пікірінше, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты – қарттық кезеңді қаржылай қамтамасыз ету, сондықтан жинақтарды ерте жастан орынсыз пайдалануды шектеу керек.

Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы қаражатын алу үшін қажетті минималды шек жыл сайын 10%-ға артып отырады. Бұл шара зейнетақы активтерінің қорда сақталуын қамтамасыз етіп, болашақ зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер дайындалып, мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар