Шешен республикасының басшысы Рамзан Кадыров Ресей президенті Владимир Путиннің сөзіне қатысты пікір білдіріп, Еуропаға қарсы жүріп жатқан Мәскеудің соғысқа дайындығы жөніндегі мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол Telegram-дағы жазбасында: «Бұйрығыңызды күтіп отырмыз» және «Өздері-ақ алдыңызда құрдай жорғалап, кешірім сұрайтын болады» деп мәлімдеді.
Бұған дейін Путин Ресейдің Еуропамен соғыс бастау ниеті жоқ екенін, алайда егер Еуропа алғашқы қадам жасаса, Мәскеу «бірден дайын» екенін айтқан еді. Оның сөзінше, мұндай жағдайда «келіссөз жүргізетін ешкім қалмайтын» сценарий болуы да мүмкін.