Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев қазақтың жас боксшысы Төрехан Сабырханның мүмкіндіктері мен болашағы туралы ойын ортаға салды, деп жазады Alash.kz.
"Төрехан өте талантты жігіт. Әлі де өсіп, жетілуге әлеуеті мол. Әрине, бәрі оның еңбекқорлығына, спортқа деген көзқарасына байланысты. Бокс тоқтаусыз дамып келе жатқан спорт, сондықтан жастар да үнемі ізденісте болып, бапкерлерімен тығыз жұмыс жасауы қажет. Өз басым, Төреханның үлкен жұлдызға айналуға толық мүмкіндігі бар деп сенемін", – деді Киличев.
Еске сала кетейік, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген болатын.