Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстанда кітап оқығаны үшін сотталғандардың "түрмеде отыру мерзімі" қысқаруы мүмкін

20:46, 25 қаңтар 2025 320

Өзбекстандық депутаттар кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Көрші елдегі кеңшілік жайлы Kazinform агентті жазды.

UzA ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл тәжірибені енгізу бастамасын «Миллий тикланиш» (Ұлттық жаңғыру) партиясы фракция отырысында көтерді.

— Заң жобасы сотталғандардың ішкі мәдениетін көтеріп, түрмелердегі рухани-ағартушылық жұмысты жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, арнайы шешіммен бекітілетін кітаптарды оқып, соның негізінде емтихан тапсырған сотталушылардың жаза мерзімін қысқартуға бағытталған. Мәселен, бір еңбекті оқығаны үшін өтелмеген мерзім 3 күнге кемиді. Бұл ретте шектеу де бар, яғни сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды, — деді «Миллий тикланиш» партиясының мүшесі Баходир Маматханов.

Әдебиеттер тізімін Республикалық руханият және ағарту орталығы бекітеді. Сарапшылардың айтуынша, аталған бастама сотталғандарды тиімді оңалтуға ықпал етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар