Өзбекстанда жүкті әйелдерге айрықша жағдай жасалмақ. Елдегі еңбек кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, енді жұмыс берушілер жүкті әйелдерді және бала тууға байланысты демалыстағы қызметкерлерді жұмыстан шығара алмайды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Nege.kz сайтының мәліметінше, бұған дейінгі заңнамада мұндай жағдайларға тек шектеулер қойылып, жұмыс берушілерге жүкті әйелдерді мүмкіндігінше жұмыстан босатпау және басқа қызметке ауыстырмау ұсынылатын.
Сонымен қатар енді Өзбекстан азаматтары еңбек шарттарын электронды форматта рәсімдей алады, бұл үшін «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» платформасы қолданылады.
Өзбекстан үкіметі биыл 5,2 миллион адамға жұмыс ұсынуды және кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан 1,5 миллион тұрғынның жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Өзбекстанда 500 әйелді автобус жүргізушісі мамандығына оқыту жоспарланғаны хабарланған болатын.