Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан президенті Әлем чемпионатына шыққан футболшылардың бәріне көлік мінгізді (Видео)

Өзбекстан президенті Әлем чемпионатына шыққан футболшылардың бәріне көлік мінгізді (Видео)

Өзбекстан футбол құрамасы алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алды. Тарихи жеңістен кейін ел президенті Шавкат Мирзиёев футболшыларға құрмет көрсетіп, BYD көлігін сыйлайды, деп жазады Alash.KZ. 

Сондай-ақ құраманың бас бапкері, ойыншылары мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградамен марапаттады. «Өзбекстан мақтанышы» құрметті атағы берілді.

Айта кетейік, Өзбекстан футбол құрамасы бұған дейін БАӘ құрамасымен тең ойнап (0:0), Азия аймағының іріктеу турнирінде өз тобында 2-орынды иеленді. Бұл нәтиже Өзбекстанға 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. 

Ал кеше Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен ұтып, іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар