Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзбек боксшылары бір автобус болып арнайы келіп кетті. Қазақ боксшылары аттап баспайды". Бекзат Саттархановтың анасы

13:36, 31 тамыз 2024 1582

Белгілі Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова қазақ боксшыларына өкпесін жеткізіп, өзбек боксшыларының құрметі жайлы баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

Сырлыкүл Саттарханова қазақ боксшыларына деген ренісі жайлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай:

– Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті, – деп сұрайды 

Бұған жауап берген Сырлыгүл Саттарханова өзбек бокшыларының адамгершілік қасиетін суреттеп,  Олимпиаданың алдында арнайы үйіне келгенін баяндады:

– Үйіме келді. 2004 жылы бір Икарус автобусымен келді. Жыл да келеді. Биыл да келіп кетті. Биыл мен өз бала-шағамды көрмеппін. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бахтиярр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін, – дейді анасы.

Еске сала кетейік, биылғы Париж олимпиадасында Өзбек боксшылары бес алтын медаль еншәледі. Қазақ боксшылары бір күміс медальмен елге оралды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар