Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өз үйінде өлтіріп, мәйітті қорлап, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен» - Жаға ұстатарлық қылмыс туралы жаңа дерек шықты

09:28, 28 қаңтар 2026

Атырауда NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанованы асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бос бостандығынан айырылған Арман Жетпісов үкімнің жеңілдеуінен үміттенген еді, бірақ сот шешімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау облыстық соты Жетпісовтің апелляциялық шағымын қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты.

Қылмыс өткен жылдың көктемінде «Французский квартал» тұрғын үй кешенінде болған.

Жетпісов аталған кешенде слесарь-сантехник болып жұмыс істеген. Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, әйелдің сеніміне кірген және автотұрақ орнын арзан бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген. Төрт жүз мың теңге көлемінде алдын ала төлемді алғаннан кейін, берген уәдесін мүлдем ұмытқан.

Бір жылдан соң Шпанова ақшасын қайтаруды талап еткенде, Жетпісов оны өлтіруді ұйғарады.

Қанды оқиға тапа-тал түсте әйелдің пәтерінде орын алды.

Бибігүл пышақтан алған көптеген жарақаттардан көз жұмды. Содан кейін Жетпісов оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, ақшасы мен зергерлік бұйымдарын жымқырған, сондай-ақ көлігін айдап кетіп, ізін суытуға тырысқан.

Кейінірек ол Маңғыстау облысында ұсталды.

Іс жабық режимде қаралды. Сот Жетпісовті алаяқтық, асқан қатыгездікпен зорлау, пайдакүнемдік ниетпен жүкті әйелді өлтіру, ірі көлемдегі ұрлық және автокөлікті заңсыз иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар