Маңғыстауда сарбазды өлтірген офицер 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Үкім Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери ауданаралық сотында жарияланды.
“Сот үкімі: Дамир Досовты ҚР ҚК 99-бабының (1-бөлігі) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп танып, оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау”, – деп хабарлады сот.
Сондай-ақ, Дамир Досов гвардия лейтенанты шенінен айырылды.
Сот марқұм сарбаздың анасы Әсия Барқұлова талап еткен 50 миллион теңге моральдық өтемақы жөніндегі азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды. Ол 20 миллион теңге алады.