Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде өзіне қол жұмсауға әрекет қылған сарбаздардың саны жетіге жетті. Бұған дейін де 3 сарбаз өз өмірін қиюға әрекеттенген, деп хабарлайды Alash.kz.
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлауына қарағанда, №99116 әскери бөлімінде бірден жеті әскери қызметкердің “өзіне қол салу белгілері” бар деген күдікпен психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Барлығының білектерінен кесілген іздер анықталған.
Сарбаздардың үшеуі дәрігерлер бақылауында қалса, төртеуі психикалық ауытқуға байланысты анықтамалар беріліп, ата-аналарымен бірге үйлеріне қайтарылған.
Арнайы мекемеде ем қабылдап жатқан сарбаздардың арасында алматылық 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров те бар.